13
ақпан
2021
Қазақ Социолистік Еңбек ері педагогика ғылымының кандитаты ,Қазақ мектебіне еңбек сіңірген ұстаз Рафиқа Бекенқызы Нұртазинаның туғанына 100 жыл.
Биылғы жыл гимназия тарихы үшін салмағы ауыр, маңызды жыл. Бұлай айтуымызға себеп - Қазақ Социалистік Еңбек ері, педагогика ғылымының кандидаты, Қазақ мектебіне еңбек сіңірген ұстаз Рафиқа Бекенқызы Нұртазинаның туғанына 100 жыл. 1921 жылы 8 наурызда Павлодар облысында, қарапайым отбасында дүниеге келген Рафика Бекенқызы жас кезінен білімге құмар болып өседі. Кейінгі соғыс жылдарында жоғарғы оқу орнында оқып жүргеніне қарамастан, соғысқа кеткен мұғалімдердің орнына сабақ береді. Бейнетті өмірде ешқашан жасымаған ардақты ұстаз біздің де мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет еткен. Осы орайда Рафика Бекенқызының 100 жылдық мерейтойына байланысты гимназиямызға құттықтау хаттары түсіп жатыр. Ардақты ұстазымызға арналған мақалалар да жарық көруде. Күні кеше ғана "Казахстанская правда" газетінде "Учитель учителей" тақырыбымен жарияланған Қазақстан Республикасының Сенат Парламенті депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының мақаласын ерекше айта кеткен жөн.
Өзінің мақаласында өткен мен бүгінді сараптап, салмақты ой айтқан Бақытжан Тұрсынұлына гимназия ұжымының атынан ризашылығымызды білдіреміз.
Өзінің мақаласында өткен мен бүгінді сараптап, салмақты ой айтқан Бақытжан Тұрсынұлына гимназия ұжымының атынан ризашылығымызды білдіреміз.