Алматы қаласында балалар жылына арналған «Алматы BALA FEST» масштабты іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгін 12 гимназияда осы фестиваль аясында «Бояулар құпиясы» АРТ-байқауының аудандық кезеңі өтті. » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласында балалар жылына арналған «Алматы BALA FEST» масштабты іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгін 12 гимназияда осы фестиваль аясында «Бояулар құпиясы» АРТ-байқауының аудандық кезеңі өтті.
17
мамыр
2022

Алматы қаласында балалар жылына арналған «Алматы BALA FEST» масштабты іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгін 12 гимназияда осы фестиваль аясында «Бояулар құпиясы» АРТ-байқауының аудандық кезеңі өтті.

     Алматы қаласында балалар жылына арналған «Алматы BALA FEST» масштабты іс-шаралар  жүргізіліп жатыр. Бүгін 12 гимназияда осы фестиваль аясында «Бояулар құпиясы»  АРТ-байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты:
- Балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту;
- Балалардың шығармашылығын танымал ету;
- Балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғалармен таныстыру, адамгершілікке, руханилыққа, толирантылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу.

    Әділқазылар алқасы құрамында Алматы қаласы Өнер,мәдениет және спорт институты директорының ғылыми және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары Карим Алимханулы Байкутов, Өнер,мәдениет және спорт институтының көркем білім кафедрасының магистрі Ернат Әуесханұлы Иманбакиев болды.
   Медеу ауданы мектептерінен 9-17 жас аралығында 28 оқушы қатысты. Әрбір мектепішілік байқаудан бірінші орын алған оқушы,аудандық кезеңге өтті.Байқау шарты бойынша әр оқушы алдын ала 2 суреттен тапсырды.Гимназияның ауласында суретшілік өнерін көрсетіп,дәлелдеді.Аудандық кезеңнің жеңімпаздары  1-маусымда өтетін қалалық сайысқа жолдама алады.
Әділқазылар алқасының шешімі 18 мамыр күні  белгілі болады.Сіздің ойыңызша кім жеңімпаз атанбақ?

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: