Мектепке жол акциясы » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке жол акциясы
24
шілде
2019

Мектепке жол акциясы

Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Сіздерді «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз. Аталмыш акция 2019 жылдың 5 шілдесінен бастап 30 қыркүйек аралығында республика көлемінде жүріп отырады. Жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге «Жүректен жүрекке !» ұранымен бағыттылған ұлы іске Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда өз үлесін қоспақ.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау. Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сонымен қатар мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады. Біздің қатарымызға сізде қосылыңыз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: