2022 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
10
қаңтар
2022

2022 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

   Еліміздегі болған ланкестік жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып,  берекемізді қашырып, ел тыныштығын бұзды.  Қаншама жас әскерлеріміз, құқық қорғаушыларымыз көз жұмды, тұрғындарға қауіп төндірді. Қаза болғандардың отбасына №12 гимназия ұжымы қайғыра көңіл айтады.
   Осындай қиын сәтте елді біріктіріп, жағдайды қалыптастыруға шешім қабылдаған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымыз шексіз әрі әрбір жасаған қадамын қолдаймыз. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығына, бейбіт өмірге жететін еш құндылық жоқ.  Сатқындыққа бармайтын, азғыруға ермейтін, жамандық жасамайтын, жүрегі Отаным деп соғатын ұрпақ тәрбиеленсе екен деп тілейміз. Біз ге бейбіт өмір, жарқын болашақ керек! Ол үшін бірлескен күш керек. Бірлекте болайық, отандастар! 
Алматы қаласы, №12 гимназия ұжымы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: