"Отбасы-бақыт мекені" » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы-бақыт мекені"
05
желтоқсан
2019

"Отбасы-бақыт мекені"

Гимназиямызда өте ерекше ашық тәрбие сағаты өтті. "Отбасы-бақыт мекені" деген тақырыпта өткен тәрбие сағатын бастауыш мектеп 3-сыныптар ұйымдастырған. Кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз "Отбасы" жайындағы өздерінің қалыптасқан шынайы түсініктері арқылы көрермендерді баурап алды. Бастауыш сынып ұстаздарының өлшеусіз еңбектері де көрініп тұр. Бұл тәрбие сағатының тағы бір ерекшелігі гимназиямыздың ата-аналары атсаласып қатысты. Гимназиямыздың белсенді ата-аналарының бірі "Жігіттер" тобының белді әншісі Бағлан Әбдірайымов өзінің кішкентай қызымен бірге қосылып ән шырқады. Бүлдіршіндердің аппақ жүрегінен шыққан тәрбие сағатының мақсаты орындалды деп айтсақ болады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: