Мектептегі дұрыс тамақтану – балаларымыздың болашақ денсаулығының кепілі. » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі дұрыс тамақтану – балаларымыздың болашақ денсаулығының кепілі.
23
қараша
2023

Мектептегі дұрыс тамақтану – балаларымыздың болашақ денсаулығының кепілі.

1 – сыныптарға  аталған тақырып бойынша түсіндірме жұмысы өткізілді.

       Әрбір ата-ана,әрбір ұстаз балапандарымыздың денсаулығының мықты, белсенді, сау болып өсуін қалаймыз. Үйде болсын,мектеп қабырғасында болсын мұның бәрін қадағалап отыру біздің басты міндеттеріміздің бірі.

 Сондықтан үйлесімді өсуге,физикалық және психикалық дамудың,оқу қабілеттерінің дамуына,түрлі инфекциялар әсеріне төзімділіктің және қолайсыз болып жатқан факторлардың шарттарының бірі – қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасында оқушылардың тамақтануының пайдалы және тиімді болуы ерекше маңызды. Балалардың ағзасының өсуі мен дұрыс дамуы үшін қажетті майлардың, ақуыздардың,түрлі дәрумендердің қажетті мөлшерін қажет етеді. Слайд көрсетілді.

Балалар үшін тамақтың маңызы тек пайдасы ғана емес,сонымен қатар дәмді болуы шарт. Балаларға кальцийдің,йодтың жетіспеушілігі болмауы керектілін түсіндіріп отыру керек.Бұл өте маңызды,сондықтан сүйек жүйесінің дұрыс өсуі мен нығаюы маңызды орын алады. Балаларға кальцийдің сүт өнімдерінде, сүзбеде, ірімшікте, құрт-қатықта мол болатынын айтып түсіндіріп отыру маңызды. Бұл тағамдарды күнделікті қабылдауды дағдыға айландырудың пайдасының мол екендігін айтып жеткізу. Ал балаларымыз көбіне, түрлі қоспасы бар шокаладтар,тәтті кәмпиттер, газдалған түрлі бояулар қосылған сусындарды жақсы көреді. Бұларды көп қолдануға болмайтындығын,зияндығын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру басты міндеттеріміздің бірі екекнін ұмытпауымыз керек. Бұл тағамдар ағзаға пайдасы жоқтығы айтылды. Слайд көрсетілді.

 Әлеуметтік педагог   Шохманова Қ.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: