1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні қарсаңында гимназиямызда үлкен іс-шара өткізілді. » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні қарсаңында гимназиямызда үлкен іс-шара өткізілді.
28
сәуір
2022

1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні қарсаңында гимназиямызда үлкен іс-шара өткізілді.

      Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
      Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Мереке қарсаңында гимназиямызда үлкен іс-шара өткізілді. Балалар түрлі ұлт өкілдерінің әнін, биін көрсетіп, салт-дәстүрімен,ұлттық құндылықтарымен бөлісті.
Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, барлығының көңілінен шықты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: