Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 45
2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ бизнес көшбасшысы" стартап-форумы өтті.
24
желтоқсан
2022
2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының
    2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ бизнес көшбасшысы" стартап-форумы өтті. Форумға гимназиямыздың дарынды оқушылары  11"В" сынып оқушылары: Серікбай Әділет, Советова Гауһар қатысып, өз бизнес-идеяларын ұсынып, бизнес жоспарларын көпшілікке таныстырды. Қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшісі: Мұрат Майра, география пәні мұғалімі
Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық технологиялар бойынша чемпионат 21-22 желтоқсан аралығында өткізілді
22
желтоқсан
2022
Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық
    Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық технологиялар бойынша чемпионат 21-22 желтоқсан аралығында өткізілді. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 700-ден астам команда келген. Қатысушылардың жас деңгейі 7-ден 22 жасқа дейін. Чемпионатқа гимназиямыздың шәкірттері Тұрлықожа Темірлан, Әлдібай Адия, Рахимжан Сәнім, Құлымбетов Али, Сұлтан Аслан қатысып өз бақтарын сынап, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Meritokrat DC ұйымдастыруымен өткен "Merito Cup" қалалық пікірсайыс турниріне қатысып АПФ форматында жүлделі 3 орын алған Ерден Айша және Бахытжан Томирис
22
желтоқсан
2022
Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Meritokrat DC
ЛД форматында жүлдеді 1 орын алған , "Ең үздік спикер" номинациясына ие болған Болат Мерей
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
19
желтоқсан
2022
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет"
  Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.     Әз атамыздың немерелері,  гимназиямыздың дарынды түлектері Дина және Алия Нұршайықовалар кешіміздің құрметті қонақтары болды.    Әзілхан атамыздың өсиет сөздерін жатқа оқып, мәнін ашып, жан құрбысы Мәншүк Мәметова туралы көрініс, "Махаббат қызық мол жылдар" шығарма желісі бойынша қойылым қойылды. Гимназиямыздың шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды.     Оқушылар кеш қонақтарына
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!
13
желтоқсан
2022
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!
    Егеменді елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген жасөспірімдердің санасы сергек, көзқарастары да өмір салттарыда еркін. Тәуелсіздік құндылығы жадында сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білулері керек. Бостандық бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай нәубет, зұлмат замандарды бастан кешірді. Осының бәрі халықтың есінде сақталуы үшін ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі тиіс. Осы мақсатта гимназиямыздың 5,6 сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді.
12
желтоқсан
2022
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына
   12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді. Кешке "Саяси қуғын -сүргін құрбандарына" арналған мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев мұражай қызметкері Керімбекова Ұлбосын қатысып тағылымы мол тарихи кеш өтті.     Гимназия оқушылары Алаш арыстарының оқу- ағарту саласындағы үлкен еңбектері туралы көрініс көрсетіп ән мен күй арналды.