Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 36
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!
13
желтоқсан
2022
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!
    Егеменді елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген жасөспірімдердің санасы сергек, көзқарастары да өмір салттарыда еркін. Тәуелсіздік құндылығы жадында сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білулері керек. Бостандық бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай нәубет, зұлмат замандарды бастан кешірді. Осының бәрі халықтың есінде сақталуы үшін ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі тиіс. Осы мақсатта гимназиямыздың 5,6 сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді.
12
желтоқсан
2022
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына
   12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді. Кешке "Саяси қуғын -сүргін құрбандарына" арналған мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев мұражай қызметкері Керімбекова Ұлбосын қатысып тағылымы мол тарихи кеш өтті.     Гимназия оқушылары Алаш арыстарының оқу- ағарту саласындағы үлкен еңбектері туралы көрініс көрсетіп ән мен күй арналды.    
Тарих пәні апталығының екінші күінде Тортаева Әмина Долдашқызы 10Ә сынып оқушыларымен "Қазақстандық патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі" тақырыбында ашық сабақ өтті
06
желтоқсан
2022
Тарих пәні апталығының екінші күінде Тортаева Әмина Долдашқызы 10Ә
    Тарих апталығының  екінші күнінде Тортаева Амина Долдашқызы 10ә сынып оқушыларымен "Қазақстандық патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында патриотизм ұғымына жан-жақты түсініктеме берілді. "Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын тағылымы" тақырыбында әр топ оқушылары тарихтың әр кезеңінен ата- баба ерлігінің ұрпаққа үлгі екендігін нақты тарихи оқиғалармен сипаттады.Патриоттық құндылықтар ұлттық тарих, ұлттық тіл мәселелеріне жан- жақты талдау жасалынды
Оқушылар Сарайында  оқушыларды “Жас ұлан “ қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.
05
желтоқсан
2022
Оқушылар Сарайында оқушыларды “Жас ұлан “ қатарына қабылдау
      Бүгін Оқушылар Сарайында  оқушыларды “Жас ұлан “ қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Гимназия оқушылары Патшабек Айзере, Бақытжан Асылбек, Зиналиев Абулхайр, Мұсағали Әбілмансұр салтанатты жиынға қатысып, қалалық “ Жас ұлан ” ұйымының қатарына қабылданды.
Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. 02.12.2022ж сағат 11:00-де Ш. Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу аясында жиын өтті.
02
желтоқсан
2022
Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан.
     Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. 02.12.2022ж сағат 11:00-де Ш. Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу аясында жиын өтті. Оқу-жаттығу барысында дабыл қағылған сәтте ғимарат ішіндегі оқушылар қауіпсіз аймаққа шығарылып, төтенше жағдай орын алғанда көрсетілетін алғашқы көмек түрлері таныстырылды. Төтенше жағдайлар кезінде жасалынатын іс-әрекеттер, көмек көрсету бойынша атқарылатын шаралар іс жүзінде пысықталды.