Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 30
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
15
желтоқсан
2023
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
15
желтоқсан
2023
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.  гимназияда “Тәуелсіздік-тұғырым” атты өткен сынып сағаттарынан көрініс.
Тарих бірлестігі апталығының 5 күні
08
желтоқсан
2023
Тарих бірлестігі апталығының 5 күні
Тарих бірлестігі апталығының 5 күні тарих пәні мұғалімі Данаева Айгерім 9 “ә” сыныбына дүние жүзі тарихынан “Биполярлы жүйе, НАТО мен ВШҰ-ның текетіресі” атты тақырыпта ашық сабағын өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, сабаққа белсенді қатысты. Сабақ  соңында оқу ісінің меңгерушісі Сакенова Рахима апай балаларға сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. 
Тарих бірлестігі апталығының 3 күні
06
желтоқсан
2023
Тарих бірлестігі апталығының 3 күні
Тарих бірлестігі апталығының 3 күнінде тарих пәні мұғалімі Торақбаева Гүлжан 8 сыныптар арасында "Қазақстан тарихы" пәнінен олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың тарихи білімдерін тексеру, тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. 
Тарих бірлестігі апталығының 3 күні
06
желтоқсан
2023
Тарих бірлестігі апталығының 3 күні
Тарих бірлестігі апталығының 3 күнінде өлкетану пәнінің мұғалімі Мәженова Мәдениет апайдың ұйымдастыруымен 10“г” сыныбының оқушылары мектебіміздің түлегі болған композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиев атындағы мұражайға барды. Мұражайға барудағы мақсат: оқушыларға туған өлке тарихына, тұлғаларына деген қызығушылығын қолдау және дамыту. 
Қазақстанға еңбек сіңірген спорт Шебері 2000 ж Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Ильясович Байрамуков пен Қазақстандық әуесқой боксшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Ибраимов Ермахан Сағиұлы қонақта болды.
06
желтоқсан
2023
Қазақстанға еңбек сіңірген спорт Шебері 2000 ж Сидней Олимпиадасының
“Дене шынықтыру” пән бірлестігі онкүндігінің жабылуында мектебімізге спорт деген бір сиқырды жанына серік еткен, әлемдік аренада топ жарып жүрген Еркін күрестен Қазақстанға еңбек сіңірген спорт Шебері 2000 ж Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Ильясович Байрамуков пен Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Ибраимов Ермахан Сағиұлы
Тарих бірлестігі апталығының 2 күні
05
желтоқсан
2023
Тарих бірлестігі апталығының 2 күні
Тарих бірлестігі апталығының 2 күні тарих пәні мұғалімі Абдашимов Дидардың 5 “б” сыныбымен “ Ежелгі көшпелілердің баспанасы- киіз үй” атты ашық сабақпен өткізілді. 
“Дене шынықтыру” әдіс бірлестігінің онкүндігінің 6-күні.
04
желтоқсан
2023
“Дене шынықтыру” әдіс бірлестігінің онкүндігінің 6-күні.
“Дене шынықтыру” әдіс бірлестігінің онкүндігінің 6-күні. Алпысбайұлы Самат пен Мұхамбетқызы Жанетта 7,9-сыныптар арасында волейболдан жарыс өткізді.