Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің негізі"
27
қаңтар
2025
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің негізі"        Бүгін мектебімізде ата-ана мен оқушылардың қатысуымен "Өнегелі өмір" тақырыбында тәрбиелік сабақ өтті. Сабақ барысында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың бала жетістігіне тигізер маңызы талқыланды. Іс-шара ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының жоспарына сәйкес өткізілді. Бірлескен жұмыс – жарқын болашақтың кепілі!
Гимназияда 5-10-сыныптардың “Саналы ұрпақ-сенімді болашақ” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
23
қаңтар
2025
Гимназияда 5-10-сыныптардың “Саналы ұрпақ-сенімді болашақ”
     Гимназияда 5-10-сыныптардың “Саналы ұрпақ-сенімді болашақ” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс күн тәртібіне әр түрлі мәселе қойылды. Буллинг, құқықбұзушылықтың алдын-алу, ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру  тақырыптары қозғалды. Жиналысқа Қыздар педагогокалық университетінің Психология кафедрасының профессоры, Психология ғылымдарының кандидаты Бапаева Мариям Курмангалиевна қатысты. Ата-аналармен Өзін-өзі рефлексиялау-ата-аналардың психологиялық мәдениетін
“Балалар кітапханасы “ жобасы аясында 1 -сыныптармен  гимназия кітапханасында “Кім жүйрік?” сайысы өтті.
23
қаңтар
2025
“Балалар кітапханасы “ жобасы аясында 1 -сыныптармен гимназия
    “Балалар кітапханасы “ жобасы аясында 1 -сыныптармен  гимназия кітапханасында “Кім жүйрік?” сайысы өтті.        Сайыстың мақсаты: оқу жылдамдығын әдіс-тәсілдер арқылы дамыту, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру. Ең жүйрік оқушылар 71 сөз, 64 сөз, 57 сөз оқыды және қатысушылар кітапшамен марапатталды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  мектебімізде 1-11сынып оқушыларымен “Адалдық сағаты” өтті.
22
қаңтар
2025
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
     Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 20 қантардағы № 01-02/3 хатына сәйкес, мектебімізде 1-11сынып оқушыларымен “Адалдық сағаты” өтті.