Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады.
22
мамыр
2026
Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп
Алматыда мектеп түлектерінің қауіпті «кортеждерінен» бас тартуға шақырды Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті. «Жыл сайын мерекелік іс-шаралардың бақылаудан шығып кететін жағдайларымен бетпе-бет келеміз. Әсіресе коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ автокөліктермен қауіпті
“Заң мен Тәртіп” бағдарламасы аясында Медеу ауданы мектептерінде құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
21
мамыр
2026
“Заң мен Тәртіп” бағдарламасы аясында Медеу ауданы мектептерінде
      Іс-шара барысында жолда жүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам талаптарын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. ​https://www.instagram.com/reel/DYl11p1N0D_/?igsh=YW1rcXFqeGhkZXoy​​​
ПҚО жоспарына сәйкес «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
21
мамыр
2026
ПҚО жоспарына сәйкес «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында
       Жиналыста 2025–2026 оқу жылының қорытындылары таныстырылып, жазғы демалыс кезіндегі оқушылар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернет мәдениеті мен өрттің алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді.                  https://www.instagram.com/reel/DYmaAYhtkAC/?igsh=YzJ3b2h5OW5lN214
📚✨ 5–6 сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз. Күшіміз бірлікте» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
19
мамыр
2026
📚✨ 5–6 сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз. Күшіміз бірлікте»
      Тренинг барысында оқушылар ұйымшылдық, достық, өзара қолдау және бір-бірін тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты ойындарға қатысты. «Ортақ сурет», «Үндемей түсін», «Комплимент шеңбері», «Ортақ санау» сияқты белсенді жаттығулар арқылы балалар бірліктің күшін сезініп, жағымды эмоция алды 💙 ✨ Бірлік бар жерде – күш бар! ✨ Команда – бірге әрекет етіп, бірге жетістікке жету.                    https://www.instagram.com/reel/DYgaQC-sFKx/?igsh=ZGthc3lzYTE1eWFk
✨ 4-сынып оқушыларымен «5-сыныпқа қадам: жаңа белестер» тақырыбында психологиялық тренинг және «Менің бір жылдағы жетістіктерім» атты қорытынды рефлексия жұмысы өткізілді.
19
мамыр
2026
✨ 4-сынып оқушыларымен «5-сыныпқа қадам: жаңа белестер» тақырыбында
        Іс-шара барысында оқушылар орта буынға ауысу кезеңіне психологиялық тұрғыда дайындалып, жаңа ортаға бейімделуге қатысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқу жылы ішіндегі жетістіктерін саралап, өздерінің алға қойған мақсаттары мен жеткен нәтижелеріне шолу жасады. 💭✨        Мұндай жұмыстар оқушылардың алаңдаушылығын төмендетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және жеке жетістіктерін бағалай білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 🌱🤝