Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Денсаулық – басты байлық”
13
наурыз
2026
“Денсаулық – басты байлық”
    №1 қалалық емхананың дәрігерлері жоспар бойынша мектебіміздің 8, 10 және 12 жастағы оқушыларын медициналық тексеруден өткізуде.     Тексеру барысында оқушыларды әртүрлі сала мамандары қарауда. Атап айтқанда: окулист, ЛОР дәрігері, невропатолог, стоматолог, психолог, педиатр және хирург мамандары оқушылардың денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті кеңестер беруде.      Жоспарлы медициналық тексеру балалардың денсаулығын бақылауға, аурулардың алдын алуға және денсаулықтағы өзгерістерді дер
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
12
наурыз
2026
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
Мектебімізде оқушыларға хулигандық әрекеттер мен «закладка» мәселесінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және тәртіптің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Басты мақсат – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағыт беру.
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
04
наурыз
2026
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия мектебінде 8-сынып оқушылары арасында «Көктем Аруы – 2026» байқауы өтті. Аруларымыз өз өнерлерін, тапқырлықтары мен білімдерін бірнеше кезең бойынша сынап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерінің жан-жақтылығын дәлелдеді. Байқау барысында қыздарымыздың сахна мәдениеті, әсемдігі мен парасаттылығы айқын көрініс