Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы Апта дәйексөзі “Шығармашыл бала - ойлы бала” Сынып сағатында оқушыларымыз еліміздің Әнұранын орындап, рухани серпін алды. “Көмек” бағдарламасымен жалғасып, “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам”— цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, онлайн әлемдегі негізгі қауіп-қатерлерге қарсы тұру жолдары қарастырылды. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері ерекше байқалып, әр тақырып олар үшін маңызды білім көзіне айналды.