Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Математика және информатика апталығының екінші күнінде Ержақып Баян мен Иманова Гүлбану апайларымыздың ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында «Тапқырлар тартысы» атты сайыс сабағы өткізілді
19
қаңтар
2023
Математика және информатика апталығының екінші күнінде Ержақып Баян
  Математика және информатика апталығының екінші күнінде Ержақып Баян мен Иманова Гүлбану апайларымыздың ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында «Тапқырлар тартысы» атты сайыс сабағы өткізілді  📚   Сайыс барысы оқушылар үшін қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдыстырылған болатын. Атап айтсақ, оқушыларға әртүрлі форматта математика пәнінен сұрақтар мен топтық тапсырмалар берілді. Үздік нәтиже көрсеткен әрбір оқушы — мадақтама қағазына ие болды. Әдіс-тәсілдер ұтымды тәсілмен таңдалғандықтан, оқушылардың
“Оқуға құштар мектеп” аясында мектебіміздің 5ә сынып оқушылары сынып жетекшісі Назира Ленсқызымен бірге С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына барды.
16
қаңтар
2023
“Оқуға құштар мектеп” аясында мектебіміздің 5ә сынып оқушылары сынып
“Оқуға құштар мектеп” аясында мектебіміздің 5ә сынып оқушылары сынып жетекшісі Назира Ленсқызымен бірге С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына барды. Заманымыздың заңғар жазушысы Төлен Әбдіковтің 80 жылдығына орай ұйымдастырған әдеби кешке қатысып, өз пікірлерімен,автордың шығармалары жайында ой толғаныстарымен бөлісті.
2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ бизнес көшбасшысы" стартап-форумы өтті.
24
желтоқсан
2022
2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының
    2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ бизнес көшбасшысы" стартап-форумы өтті. Форумға гимназиямыздың дарынды оқушылары  11"В" сынып оқушылары: Серікбай Әділет, Советова Гауһар қатысып, өз бизнес-идеяларын ұсынып, бизнес жоспарларын көпшілікке таныстырды. Қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшісі: Мұрат Майра, география пәні мұғалімі
Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық технологиялар бойынша чемпионат 21-22 желтоқсан аралығында өткізілді
22
желтоқсан
2022
Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық
    Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық технологиялар бойынша чемпионат 21-22 желтоқсан аралығында өткізілді. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 700-ден астам команда келген. Қатысушылардың жас деңгейі 7-ден 22 жасқа дейін. Чемпионатқа гимназиямыздың шәкірттері Тұрлықожа Темірлан, Әлдібай Адия, Рахимжан Сәнім, Құлымбетов Али, Сұлтан Аслан қатысып өз бақтарын сынап, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
19
желтоқсан
2022
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет"
  Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.     Әз атамыздың немерелері,  гимназиямыздың дарынды түлектері Дина және Алия Нұршайықовалар кешіміздің құрметті қонақтары болды.    Әзілхан атамыздың өсиет сөздерін жатқа оқып, мәнін ашып, жан құрбысы Мәншүк Мәметова туралы көрініс, "Махаббат қызық мол жылдар" шығарма желісі бойынша қойылым қойылды. Гимназиямыздың шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды.     Оқушылар кеш қонақтарына
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді.
12
желтоқсан
2022
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына
   12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді. Кешке "Саяси қуғын -сүргін құрбандарына" арналған мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев мұражай қызметкері Керімбекова Ұлбосын қатысып тағылымы мол тарихи кеш өтті.     Гимназия оқушылары Алаш арыстарының оқу- ағарту саласындағы үлкен еңбектері туралы көрініс көрсетіп ән мен күй арналды.