Тілдер мерекесіне арналған “Тіл мәртебесі - ел мәртебесі” атты
Тілдер мерекесіне арналған “Тіл мәртебесі - ел мәртебесі” атты апталықтың аясында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-9 - сынып оқушылары арасында “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Кеш барысында оқушылар туған жер, ана тілі, атамекен тақырыптарында өлең-жырларды оқып, көрермен көзайымы болды. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі дипломдармен және арнайы сертификаттармен марапатталды.