Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 34
"Педагог мәртебесі туралы" заң талқыланды
14
қаңтар
2020
"Педагог мәртебесі туралы" заң талқыланды
Гимназия ұстаздарымен 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойып қабылдаған "Педагог мәртебесі туралы" заңы талқыланды . Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеген болатын. Жалпы заң 21 баптан тұрады. Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;
Жаңа жыл  кеші!
28
желтоқсан
2019
Жаңа жыл кеші!
Биыл 2020 жаңа жылдық мерекесін гимназиямызда жоғары деңгейде өткіздік.Жаңа жылдық кешке жас ұстаздар белсене атсалысты.1-4 бастауыш сынып оқушыларына арнайы қойылым қойып, ата-аналармен оқушыларды қуантты.    
Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады
13
желтоқсан
2019
Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады
Гимназиямыздың дәстүрлі мерекелерінің ішінде Ел Тәуелсіздігі күні ерекше тойланады. Кешегі ызғары өткен желтоқсандағы боздақтарымыздың ерлігін мақтанышпен дәріптеп, егіліп отырып еске алатын бұл мерекенің маңызын оқушыларымыз жақсы біледі. Биылғы жылы да дәстүрімізден жаңылмай керемет кеш өткіздік. Айтулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлы қатысты. Сонымен қатар желтоқсанда ел үшін шырылдаған Шүкей Несіпхан Қалдыбайқызы және гимназиямыздан Иманбаев Қуандық ағайымыз, Шохманова
KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ!
09
желтоқсан
2019
KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ!
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ №12 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ ШӘКІРТТЕРІНІҢ KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ! #ҚҰРМЕТТІ   #ҚОНАҚТАР 1.Kazakh Union Action Team каскадерлар клубының басшысы, Бауыржан Абишев мырза. 2.Kazakh Union Action Team каскадерлар клубы басшысының кеңесші, ассистенті Серікқазы Тілебалды мырза. 3. Kazakh Union Action Team клубының каскадерлары Жандос Исаев және Алмат Тұрлыбаев мырза. #Кездесудің  негізгі мақсаты қоғамдағы ер азаматтардың белсенділігі,
"Отбасы-бақыт мекені"
05
желтоқсан
2019
"Отбасы-бақыт мекені"
Гимназиямызда өте ерекше ашық тәрбие сағаты өтті. "Отбасы-бақыт мекені" деген тақырыпта өткен тәрбие сағатын бастауыш мектеп 3-сыныптар ұйымдастырған. Кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз "Отбасы" жайындағы өздерінің қалыптасқан шынайы түсініктері арқылы көрермендерді баурап алды. Бастауыш сынып ұстаздарының өлшеусіз еңбектері де көрініп тұр. Бұл тәрбие сағатының тағы бір ерекшелігі гимназиямыздың ата-аналары атсаласып қатысты. Гимназиямыздың белсенді ата-аналарының бірі "Жігіттер" тобының белді
Тұңғыш Президент күні
03
желтоқсан
2019
Тұңғыш Президент күні
Бүгін гимназиямызда Тұңғыш Президент күніне орай Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлының қатысуымен "Н.Ә. Назарбаев-Ұлт көшбасшысы"атты мерекелік іс-шара өтті. Сонымен қатар Елбасының өнегелі жолын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Тұңғыш президент архивінен Мухаммед Жылгелдинов мырза қатысты.
Бала құқығы Конвенциясы
13
қараша
2019
Бала құқығы Конвенциясы
Бала құқығы Конвенциясының 30 жылдығына арналған дүниежүзілік тәрбие сағаты болды. Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру , құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру сонымен қатар оқушылардың бойына құқықтық патриоттық , адамгершілік тәрбиені сіңіру мақсатында өткен тәрбие сағатында оқушылар өз ойын ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз құқықтары жайлы ой түйді. Бұл конвенция 1989 жылы 20 қараша Нью-Йоркте қабылданған болатын.