Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 32
ТӘҢІР СЫЙЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК тақырыбында белгілі ақын, желтоқсаншы Болат Шарахымбаймен гимназияның ӘДЕБИЕТШІЛЕР клубы кездесу өткізді.
14
желтоқсан
2020
ТӘҢІР СЫЙЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК тақырыбында белгілі ақын, желтоқсаншы Болат
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ТӘҢІР СЫЙЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК тақырыбында белгілі ақын, желтоқсаншы Болат Шарахымбаймен гимназияның ӘДЕБИЕТШІЛЕР клубы кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, талдау жасады. Сонымен қатар шығармашылығына қатысты сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.
Тұңғыш Президенті күніне орай кітап көрмесі мен оқушылардың қолдарынан шыққан сурет көрмесі ұйымдастырылды
02
желтоқсан
2020
Тұңғыш Президенті күніне орай кітап көрмесі мен оқушылардың
Гимназиямыздың дарынды оқушыларымен онлайн форматта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кітап көрмесі мен оқушылардың қолдарынан шыққан сурет көрмесі ұйымдастырылды. Еліміздің осылай өсіп өркендеуіне аянбай еңбек етіп, тер төгіп келген Елбасының еңбек жолы оқушыларымызға үлгі.
"Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың рөлі" тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті
27
қараша
2020
"Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен таныстыру, Қазақстанның болашағы мен қалыптасуы жөнінде тарихи шолулар жасау және оқушылардың ой - өрісін дамытып, патриоттық тәрбие беру мақсатында "Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың рөлі" тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті. Бірінші болып дөңгелек үстелді Абдилдаева Ақжан "Отбасы және балалық шағы" деген тақырыппен бастады. Мейрхан Алия атты оқушымыз "Жұмыс жолы
"Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі жиналысы
05
қараша
2020
"Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани адамгершілікті, әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып, оны дамыту мақсатында "Адал ұрпақ" еріктілер клубы жаңа мүшелермен толықты . "Адал ұрпақ-Таза қоғам" атты адал ұрпақ еріктілер клубының дәстүрлі жиналысына республикалық "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, гимназия директоры Жанат Сәдуқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Уатайқызы, директордың ғылыми істер
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді
22
қазан
2020
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми -практикалық орталығының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Абай оқуларына" гимназиямыздың дарынды оқушысы Әбілғазы Шәкәрім қатысып, "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәмзагүл Болатбекқызы.
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс
14
қазан
2020
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс
Гимназиямыздағы информатика пәнінің мұғалімі Азат Гүлнұр Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының қолдауымен "Balapan" арнасына информатика пәнінен TV сабақтар түсірген болатын. Ол сабақтарды бүгінгі күнде "Balapan" телеарнасы арқылы республикамыздағы оқушылар көріп, білім алып жатыр. Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ беру үшін арнайы конкурстан өткен Гүлнұр апайымыз өз мамандығының білікті әрі білімді ұстазы екенін дәлелдеп отыр. Оқушылардың білімі үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін шығармашыл
"Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік" тақырыбында онлайн вебинар өткізілді
10
қазан
2020
"Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік" тақырыбында онлайн
07-09.10.2020ж күндері аралығында гимназия психологтарының ұйымдастыруымен 10-қазан "Дүниежүзілік психикалық денсаулық" күніне орай 8-9-10-11 сынып оқушыларымен "Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік" тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты оқушыларға психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру. Вебинар барысында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың әдістерімен бөлісті. Психикалық денсаулық дәл физикалық денсаулық сияқты аса құнды екенін айтып өтті.
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс!
09
қазан
2020
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс!
Гимназиямыздағы білімі мен білігі жоғары ұстаздарымыздың бірі бастауыш сынып мұғалімі Абдрашова Айнұр Қожанқызы қазіргі қашықтан оқытуға байланысты министрліктің қолдауымен бастауыш сынып оқушыларына оның ішінде 2-сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша TV сабақтарды түсірген болатын. Жалпы сабақтар республика бойынша "Balapan" телеарнасынан жүргізіліп жатыр. Оқушылардың білімі үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін шығармашыл ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!