24
қараша
2022
Қараша айының 14-24 күндері бастауыш сыныптарда «Оқу сауаттылығын арттыру - оқытудың табысты шарты» тақырыбында өткен онкүндік өз мәресіне жетті.
Қараша айының 14-24 күндері бастауыш сыныптарда «Оқу сауаттылығын арттыру - оқытудың табысты шарты» тақырыбында өткен онкүндік өз мәресіне жетті. Мұғалімдер мен білім алушылар ашық сабақтар мен танымдық сайыстарда, мәнерлеп оқуда, кіші олимпиадада, түрлі көрме жұмыстарында өз білімдерін көрсете алды. Өткізілген әрбір іс-шара бейнероликтер арқылы көпшілікке мерзімді жеткізіліп отырды. Онкүндік барысында оқушылардың тек білімі ғана емес, танымдық дағдылары да айқын көрінді. Балалардың оқумен қатар өнерді де, спортты да қатар алып жүретіндігі онкүндік барысында байқалды. Апталықтың жабылу салтанатында өнер мен спорттың әр саласында жетістікке жетіп жүрген балалардың шеруі өтті. Сонымен бірге апталықтың өтуіне белсене ат салысқан оқушылар марапатталды.