Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін Абылкасымов Айдар Мұратбекұлы бастаған оқушыларымыз "Білім және жетістік" тақырыбында ХХІ Қазақстан көрмесіне қатысып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты
23
қараша
2022

Бүгін Абылкасымов Айдар Мұратбекұлы бастаған оқушыларымыз "Білім және жетістік" тақырыбында ХХІ Қазақстан көрмесіне қатысып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты

   Бүгін Атакентте "Оқуға құштар" жобасы бойынша  халықаралық кітап көрмесі аясында жазушы, баспагер, мемлекеттік сыйлықтың иегері Кәдірбек Сегізбайұлының "Тағдыр талкегі" романы мен ақын Дәулеткерей Кәпұлының "Айналсоқ" жыр жинағының таныстырылымы өтті. Таңдаулы екі кітап  "Атамұра кітапханасы" сериясымен жарық көрді. Игілігі мол іс-шараға мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Бексұлтан Нұржекеұлы, кітап авторы Кәдірбек Сегізбайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет,  "Атамұра" корпорациясының президенті, қоғам қайраткері Рақымғали Абрарұлы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Серік Әкірамұлы қатысып, Қаламгерлер жаңа кітаптардың мазмұны мен ерекшелігі, тыңдармен мен оқырмандарға кітаптың пайдасы мен тәрбиедегі пайдасы туралы ой қозғады.  "Атамұра" баспасының ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін бүкпесіз баяндады. 12 мамандандырылған гимназияның үйірме жетекшісі Абылқасымов Айдар  баптаған жүйріктер төгілте күй шертіп, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында оқушыларымызға өздері қалаған көркем әдебиеттерді сыйға тартты.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: