01
қазан
2021
Сәлеметсіздерме! ҚР БҒМ «ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!» АКЦИЯСЫН БАСТАЙДЫ
Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастайды. Акцияның мақсаты – мұғалімдерге қызығы мен қиындығы қатар жүретін әрі маңызды және адал еңбегі үшін Алғыс айту. Акцияға білім алып жүрген оқушылармен қатар мектеп түлектерінің де қатысуға мүмкіндігі бар. Ең креативті құттықтау авторлары ҚР Білім және ғылым министрлігінен естелік сыйлықтар алады.
Аталған іс-шара 3 қазанға дейін жалғасады. Акция 4 қазанда қорытындыланады.
Аталған іс-шара 3 қазанға дейін жалғасады. Акция 4 қазанда қорытындыланады.