06
тамыз
2021
Әлемде болып жатқан індеттің алдын алу
Әлемде болып жатқан індеттің алдын алу мақсатында, елімізде салынып жатқан екпе туралы гимназиямыздың ата-анасы Шолпан Рахымқызының пікірі: «Былтыр ковид басталғанда бәріміз "шіркін, мына індеттен құтқаратын ем табылса" деп медицинаға, ғылым мүмкіндігіне үміттене қарадық. Жалпы тарихта солай. Әлемді әртүрлі кезеңдерде болған зобалаң індет, жұқпалы дерттен (оба, қызылша, тырысқақ, туберкулез) вакцина құтқарды. Балаға да туа сала сол аурудан сақтайтын дәрілер ектіреміз. Бүкіл технология сияқты ғылым да дамыды. Бұрын бұндай вакцинаны әлем ұзақ уақыттап күтсе, соңғы жетістіктер өз нәтижесін аз уақытта ақ көрсете бастады. Коронавирусқа қарсы салып жатқан вакциналар сол ізденістердің жемісі. Сондықтан, "вакцина деген он жылдап сынақтан өтіп барып, адамзатқа жету керек"- деген жаңсақ пікір.»