Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Парасаттылық мектебі» ашылды
10
наурыз
2020

«Парасаттылық мектебі» ашылды

10.03 2020 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы 12 мамандандырылған гимназияда "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында, «Парасаттылық мектебі» ашылды. "Парасаттылық мектебінің" жалпы мақсаты: Оқушыларды жақсы қасиеттерге үйрету, ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтарды дәріптеу, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.
Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану туралы бірқатар мәселелерді қарастырады. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға оқушыларды үйретеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру және аталған мәселеге төзбеушілік сынды мәселермен жұмыс жүргізіп отыратын болады.
 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: