📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл жарыстың мақсаты – өз ісіне адал, шығармашыл, жаңашыл педагогтарды анықтап, қолдау көрсету. 🔹 Қатысушылар кәсіби шеберлігін танытып, әдістемелік дайындығын көрсетті. 🔹 Байқау барлық қатысушылар үшін тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен шабыттың алаңына айналды. Барлық ұстаздарға еңбегі мен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆🌟