Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года » Страница 4
«Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
13
қазан
2025
«Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет
«Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсат – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, үрейге бой алдырмай, өзіне және өзгеге көмек көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
«Жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
13
қазан
2025
«Жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатында  оқушылар арасында «Жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты – балаларға өз қауіпсіздігін сақтау, бейтаныс адамдармен, әлеуметтік желілерде және қоғамдық орындарда дұрыс әрекет ету ережелерін үйрету.Сабақ барысында оқушылар жеке шекара, өзін-өзі қорғау және сенімді ересектерге жүгіну маңыздылығы туралы пікір алмасты.Сондай-ақ интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық, жеке мәліметтерді қорғау және достық қарым-қатынаста әдеп сақтау жайлы талқыланды
5-сынып оқушылары қазақ музыкасының аңызы – Нұрғиса Тілендиев мұражайына танымдық саяхат жасады.
10
қазан
2025
5-сынып оқушылары қазақ музыкасының аңызы – Нұрғиса Тілендиев
Бүгін  гимназияның 5-сынып оқушылары қазақ музыкасының аңызы – Нұрғиса Тілендиев мұражайына танымдық саяхат жасады. Оқушылар ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның домбыралары мен қолжазбаларын тамашалады. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ерекше әсер қалдырған қызықты деректер айтып, шығармашылық рух сыйлады. Осындай танымдық саяхаттар арқылы жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі мен рухани мәдениеті арта түседі.
ҚР Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына орай 10-сынып оқушылары арасында «Қазақстан – менің болашағым» атты танымдық квест-ойыны өтті.
09
қазан
2025
ҚР Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына орай
ҚР Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына орай 10-сынып оқушылары арасында «Қазақстан – менің болашағым» атты танымдық квест-ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, еліміздің тарихы, егемендікке қол жеткізу жолы және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы тапсырмаларды орындады.  Шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Гимназияда информатика сабағында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, сабақтар заманауи әрі қызықты форматта өткізілуде.
09
қазан
2025
Гимназияда информатика сабағында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері
Гимназияда информатика сабағында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, сабақтар заманауи әрі қызықты форматта өткізілуде. Соның жарқын бір үлгісі информатика пәні мұғалімі Сейтмолдина Шырын Насиоллаевна  5-сынып оқушыларымен өткізген ерекше сабағы. Ол балаларға Microsoft Paint графикалық редакторында салған суреттерін жасанды интеллект көмегімен жандандыруды үйретіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар кез келген бейнені сөйлету арқылы оқушылардың
🎶 Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка кабинеті ашылды! 🎵
07
қазан
2025
🎶 Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка кабинеті ашылды! 🎵
🎶 Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка кабинеті ашылды! 🎵 Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияда ерекше күн — ұлы сазгер, қазақ музыкасының аңызы Нұрғиса Тілендиевтің есімімен аталған музыка кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Шараға сазгердің қызы — Дінзухра Тілендиева арнайы қатысып, кабинеттің тұсауын кесті. 💐Бұл кабинет жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін дамытып, қазақ музыкасына деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.