Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 20.10.2025
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді
20
қазан
2025
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді
Кәсіптік бағдар беру бағыты аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат беріліп, әр саланың ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылды. Сонымен қатар, өз қабілеті мен қызығушылығына қарай мамандық таңдау маңыздылығы түсіндіріліп, болашақ кәсіби жолын айқындауда бағыт-бағдар берілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Республикам – мақтанышым” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
20
қазан
2025
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Республикам –
Алматы, Медеу ауданы Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Республикам – мақтанышым” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, туған елінің тарихын, мәдениетін және жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы мәліметтермен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Шара жоғары деңгейде, патриоттық рухта өтті.