ҚР Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына орай
ҚР Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығына орай 10-сынып оқушылары арасында «Қазақстан – менің болашағым» атты танымдық квест-ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, еліміздің тарихы, егемендікке қол жеткізу жолы және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы тапсырмаларды орындады. Шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.