Психодиагностикалық жұмыстар жүргізді
Бастауыш білім-бұл ересектер әлеміне саналы өмірді бастау және баланың кім болмағы, қандай болмағы, осы кезеңнің сәтті немесе сәтсіз өтуіне байланысты. Осыған орай, гимназия табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларының мектепте оқуға даярлығын, ойлау және ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында гимназия педагог-психологтары Наурызбаева А.Д., Өсерханова Т.И. психодиагностикалық жұмыстар жүргізді.