Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ана тілім – тірегім» челленджін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия жанындағы «Балауса» жазғы лагері зор ықыласпен қабылдады.
02
маусым
2026

«Ана тілім – тірегім» челленджін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия жанындағы «Балауса» жазғы лагері зор ықыласпен қабылдады.

     Челлендж аясында оқушыларымыз Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсірепов атындағы музейге танымдық саяхат жасап, қазақ әдебиетінің қос алыбының өмірі мен шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты. Экскурсия барысында балалар құнды жәдігерлерді тамашалап, қаламгерлердің шығармалары, өмір жолы және қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлестері туралы тың мәліметтер алды.
    Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың туған тіліне, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді. Ана тілінің қадірін түсіну, оны құрметтеу және дамыту – әрбір азаматтың парызы. Сондықтан да бұл челлендж балалар үшін ерекше әсерлі әрі мағыналы болды.
   Тіліміз – халқымыздың тарихы мен болашағын жалғайтын алтын көпір. Ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, оның байлығы мен көркемдігін насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ана тілім – тірегім, мақтанышым, рухани байлығым! 🇰🇿📚✨                 


https://www.instagram.com/reel/DZHWB1wtAlD/?igsh=ODg1cnV4MTgzOTls

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: