Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қайырымдылық — қамқорлықтан басталады!
25
мамыр
2026

Қайырымдылық — қамқорлықтан басталады!

  «Білімім – Отаныма!» сынып сағаты аясындағы игі бастама  25 мамыр — соңғы қоңырау мерекесі аясында гимназиямызда «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
   Сынып сағаттарында оқушылар оқу жылы бойынша жетістіктерін саралап, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, елге қызмет ету мен Отанға адал болу құндылықтары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар гимназиямыздың түлегі Сұрағанов Батырхан Ғалымжанұлы “Аман” гуманитарлық қоры атынан 1-сынып оқушыларына арнайы сыйлықтар табыстады. Қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерге LEGO конструкторларын сыйға беріп, олардың алғашқы оқу жылындағы жетістіктеріне қуаныш сыйлады. Осындай игі бастамалар балаларға шабыт сыйлап, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптейді.
                

https://www.instagram.com/reel/DYyeg-eMgul/?igsh=MWg5Yno2aGVlaXppOQ==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: