Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүгін гимназиямызда оқушылардың психологиялық саулығын қолдауға бағытталған маңызды жұмыстар жүргізілді
24
сәуір
2026

Бүгін гимназиямызда оқушылардың психологиялық саулығын қолдауға бағытталған маңызды жұмыстар жүргізілді

Психологтар сыныптарды аралап, оқушылармен қысқа кездесулер өткізіп, стресске төзімділік пен эмоциялық қолдау туралы ашық әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, балаларға қиын жағдайда қайда жүгінуге болатыны түсіндіріліп, «111» сенім желісінің QR-коды таныстырылды 📞

Оқушыларға кез келген мазасыздық, уайым немесе жағымсыз ойлар туындаған сәтте көмек әрқашан бар екені жеткізілді. Әр бала жалғыз емес — әрқашан қолдау таба алады 🌿

Сондай-ақ, барлық сыныптарға арнайы жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Біздің басты мақсатымыз — әр оқушының өзін қауіпсіз сезінуі және дер кезінде қажетті қолдау алуы ✨
                

https://www.instagram.com/p/DXjvT5OjPbl/?igsh=MWJha3Z6ZW1ndjh5OQ==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: