Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тұңғыш географ ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ұлы саяхатшы ізімен» атты география пәні мұғалімдеріне арналған пәндік қалалық олимпиадасын өткізді.
20
қараша
2025

Тұңғыш географ ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ұлы саяхатшы ізімен» атты география пәні мұғалімдеріне арналған пәндік қалалық олимпиадасын өткізді.

    20-қараша күні Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Ш.Уәлиханов атындағы 12мамандандырылған гимназия бірлесіп, тұңғыш географ ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ұлы саяхатшы ізімен» атты география пәні мұғалімдеріне арналған пәндік қалалық олимпиадасын өткізді. Пәндік олимпиаданың әділ-бағасын беруге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушылары ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары г.ғ.к.Мұздыбаева Қ.К., қауымдастырылған профессор Әбілмәжінова С.Ә., жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы PhD, қауымдастырылған профессор м.а Үсенов Н. Е.арнайы шақырылды. Ашылу салтанатында гимназия директоры Жетписбаева Л.У. п.ғ.к Сакенова Р.Б., қауымдастырылған профессор Әбілмәжінова С.Ә. құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында «Шоқан әлемі: болмыс, білім, бейне» тақырыбында география пәні мұғалімі: Мұрат М., тарих пәні мұғалімі: Ауылбай Н., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сұлтанбек Д., көркем еңбек пәні мұғалімі: Шаленова М. интеграциялық сабақ, география пәні мұғалімі Абдильдаева Ш. «Географиялық білім беруде модельдеу әдісін қолдану арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, гимназия өнерпаздары шағын концерттік бағдарламасын қойды. Олимпиадаға қатысушылар арнайы дипломдар мен  сертификаттармен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: