06
қазан
2025
Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – жасанды интеллект дәуірінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
Бүгін гимназия қабырғасында ерекше рухани сәтке куә болдық. Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – жасанды интеллект дәуірінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар Абай әлеміне сапар шегіп, ұлы ақынның жырларын жүрекпен оқыды. Абай өлеңдеріне арналған сурет көрмесі қойылып, көркем сөз, күмбірлеген күй, терең сұрақтар мен жылы жүздер шара шырайын арттыра түсті.
Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл рухани кеш – Абай мұрасының мәңгілік екенінің тағы бір дәлелі. Өлеңмен өрілген, оймен тербелген бұл күн – ұлттық құндылықты ұлықтаған жас буынның мерейі болды.