23
қараша
2024
Алматы қаласындағы Республика сарайында Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиямыздың 100 жылдық мерейтойына арналған «Білім айдынындағы Ақ кеме» атты салтанатты кеш өтті.
2024 жылдың 23 қарашасында Алматы қаласындағы Республика сарайында Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиямыздың 100 жылдық мерейтойына арналған «Білім айдынындағы Ақ кеме» атты салтанатты кеш өтті. Шара қала әкімі Ерболат Досаев пен Оқу-Ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқыған ресми құттықтаулармен ашылып, білім мен ғылым жолындағы ағартушылардың еңбегі мен гимназияның түлектерінің жетістіктерін паш етті. Кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, мектеп түлегі Толқын Забирова, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі және «Отырар сазы» оркестрі өнер көрсетті. Аталмыш оркестрге дирижерлік еткен Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева. Сахналанған қойылымдарға Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен Жасөспірімдер театрының және Алатау дәстүрлі өнер театрының актерлері атсалысты. Мерейтой ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мектептің түлегі Біржан Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Концерт режиссері Жұлдызбек Жұманбай болды. Талай тұлғалар мен театр саңлақтары, өнер алпауыттары түлеп ұшқан орданың ғасырлық мерейтойында ұлағатты ұстаздар дән риза болып, ізгі ниеттерімен, ілипаттарын жаудырды. Сондай-ақ жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова да кеш соңында пікірімен бөлісіп, тарих қойнауына үңіліп, өткен ғасырдан сыр шерткен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
https://www.instagram.com/p/DCwk8xVNgT2/?igsh=cnYzODJuYWZ5cmR2