Біз туралы » Страница 31 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 31
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс!
09
қазан
2020
Қашықтан оқыту кезінде TV сабақ берген ұстаздарға алғыс!
Гимназиямыздағы білімі мен білігі жоғары ұстаздарымыздың бірі бастауыш сынып мұғалімі Абдрашова Айнұр Қожанқызы қазіргі қашықтан оқытуға байланысты министрліктің қолдауымен бастауыш сынып оқушыларына оның ішінде 2-сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша TV сабақтарды түсірген болатын. Жалпы сабақтар республика бойынша "Balapan" телеарнасынан жүргізіліп жатыр. Оқушылардың білімі үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін шығармашыл ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!  
"Цифрлы ғасыр педагогы" байқауы
08
қазан
2020
"Цифрлы ғасыр педагогы" байқауы
Алматы қалалық "ҰСТАЗ" жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "Цифрлы ғасыр педагогы" байқауына гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сайлаухан Абылай Беркінұлы қатысып, Гран-При иегері атанды. Жалпы қала бойынша өздерінің білім,білік дағдылары мен қатар жаңа технологияларды жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаздарымыздың сабақтарын, республика көлемінде ата-ана, оқушылар мен ұстаздар көріп бағасын берді. Әр ұстаздың тиімді әдістері мен ұтымды
Кезекші сыныптар ашылды
14
қыркүйек
2020
Кезекші сыныптар ашылды
Бүгіннен бастап гимназиямызда 1-сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сыныптар» ашылды. Кезекші сынып топтарында 15 баладан аспайды. Әртүрлі үзіліс уақыттарыменен сабақтар бір кабинетте өткізіледі.
1 - сыныпқа қабылдау
12
мамыр
2020
1 - сыныпқа қабылдау
Х а б а р л а н д ы р у ! Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия 2020-2021 оқу жылына үміткерлерді 1- сыныпқа конкурс бойынша қабылдайды.Қабылдау үшін, маусым айынан бастап қабылданатын үміткерлер хатшы жанындағы арнайы журналға тіркеледі. Конкурс өткізу маусым айынан, сағат 10.00-де басталады. Конкурсқа келгенде төмендегі құжаттарды өздерімен бірге әкелу керек.Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, қалалық тұрақты мекен-жайы анықтама, 2 фото суреті. (файлға салып)        
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде қашықтықтан оқыту басталды
06
сәуір
2020
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде қашықтықтан оқыту басталды
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде қашықтықтан оқыту басталды. Біздің де гимназиямыздың ұстаздар қауымы өз жұмыстарын жоғарғы дайындықпен бастап кетті. Оқушылар толық қатысып, еш қиындықсыз білім алып жатыр.