Әдістемелік жұмыстар » Страница 15 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар онкүндігінің 9-күні.
24
қараша
2022
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар
  Бастауыш сыныптар онкүндігі барысында 4-сыныптар арасында Ы.Алтынсаринның шығармаларынан "Кел, балалар, оқылық" атты оқырмандар конференциясы өтті. Әр сынып Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді  ортаға салды. Сұрақтарға жауап беріп, өзара пікірталас тудырды. Ыбырай әңгімелерінен сахналық көрініс көрсетті. Конференция соңында әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзі басқару, “Адал ұрпақ”, “Жас ұлан” ұйымдары 5,6-сынып оқушыларымен “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты кітап оқу сайысын өткізді.
24
қараша
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзі басқару, “Адал ұрпақ”,
   “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өзін-өзі басқару, “Адал ұрпақ”, “Жас ұлан” ұйымдары 5,6-сынып оқушыларымен “Менің өмірімді өзгерткен кітап” атты кітап оқу сайысын өткізді. Сайыс барысында оқушылар С.Мұратбековтың “Жусан иісі” повесін және Ә.Қалдыбаевтың “Мен апамның баласымын” шығармаларының мазмұнын айтып, өзара қойылған сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздарды анықтауға мектебіміздің кітапханашысы  А. Садуова үлес қосты. Сайыс нәтижесі бойынша  1-орын Мәлібек Інжу 6 Ә  2-орын Әбдісадық
Бастауыш сынып онкүндік апталығында “Озық тәжірибе- көпке ортақ” тақырыбында Абейбекова Раушан Турсунбаевна жеке зертхана жұмысын көрсетті.
24
қараша
2022
Бастауыш сынып онкүндік апталығында “Озық тәжірибе- көпке ортақ”
    Бастауыш сынып онкүндік апталығында “Озық тәжірибе- көпке ортақ” тақырыбында Абейбекова Раушан Турсунбаевна жеке зертхана жұмысын көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың- ой қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға,қорытынды жасауға,жүйелі сөйлеуге, оқушылардың танымдық шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Міндеттері: Сабақ барысында оқушылардың логикалық потенциалын арттыру жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайындағы өмір сүруге дайындау. Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту. Оқушылармен
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінің 7-күні
23
қараша
2022
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым
    23 қараша күні география пәнінің мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайкызы 7 сыныптар арасында “Қызықты география әлемінде” атты жарыс сабағын мәжіліс залында өткізді. Сабақ  өте қызықты болды. Шебер ұстаз  wordwall бағдарламасында жасалынған ұяшықтарды ашу арқылы тапсырмаларды орындатты Оқушылардың қызығушылығын арттыратың  әдіс тәсілдері ұтымды қолданды.     Дүйсекова Индира Тлеубердіқызы 23 қараша күні  9а сыныбында металдардың жалпы сипаттамасы тақырыбында ашық сабақ берді.Сабақтың басында
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар онкүндігінің 8-күні.
23
қараша
2022
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар
   Бастауыш сыныптардың онкүндігі барысында 1-сыныптар арасында оқушылардың тілін, ойын  дамыту барысында "Өлең- сөздің патшасы" атты мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Жарысқа барлық сынып қатысты. Дайындықтары да жақсы болды.
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінің 6-күні
22
қараша
2022
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым
    Апталықтың 6-күні 22 қараша биология пәні мұғалімі Әбішева Гүлнұр Ерболқызының 9 а сыныбына  «Бүйрек ауруларының алдын алу» тақырыбында өткізілген ашық сабақпен жалғасты. Сабақта ұстаз дидактикалық материалдарды ұтымды қолданған. Сынып "Нефрит" және "Энурез" болып екі топқа бөлінді. Оқушылар үй тапсырмасын "Quizizz" қосымшасы арқылы тест тапсырмасын орындады. Жаңа сабақты ашу барысында  “Бүйрек ауруларының алдын алу» тақырыбында бейнеролик  көрсетті. Содан соң "дұрыс-бұрыс", "Иә немесе
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар онкүндігінің 7-күні.
22
қараша
2022
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар
  Бастауыш сыныптар онкүндігі барысында 2-сыныптар арасында оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау,  ақыл-ойын дамыту, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу мақсатында “Жүйрік болсаң, озып көр” сайысы өтті.    
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінің 5-күні
21
қараша
2022
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым
   Биология пәнінің мұғалімі Жумадилова Назыгул Бексултанкызы 21  қараша күні 7 Б сыныбына "Тамыр аймақтары" тақырыбына ашық сабақ өткізді.    Сабақтың басы, "Қайталау - білім анасы" айдары арқылы өткен тақырыптар kahoot бағдарламасында,  ойын форматында өткізілді. Жаңа сабақ "Сұрақ-жауап" әдісі арқылы ашылды.    Сабақтың ортасында, "Ой түрткі" кезеңінде тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып тақырып ашыла түсті. Жаңа сабақты толықтай аша түсу мақсатында wordwall сайты қолданылды. Ұяшықтар
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар онкүндігінің 6-күні.
21
қараша
2022
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар
   Бастауыш сыныптар  онкүндігінің аясында математика пәнінен 3 сыныптар арасында математикалық кіші олимпиада өтті. Ұйымдастырушы зерттеуші-педагог Ұзақова Данагул Қасымжанқызы. Олимпиадаға әр сыныптан ең ойы ұшқыр,қисынды ойлай білетін оқушылар қатысты.
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар онкүндігінің 5-күні.
18
қараша
2022
“Оқу сауаттылығын арттыру-оқытудың табысты шарты” бастауыш сыныптар
  Бастауыш сыныптар апталығы барысында "Мен оқыған кітаптар" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып өтті. Әр сынып өзі оқып жүрген кітаптармен бөлісті