Іс-шаралар » Страница 12 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 12
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
19
желтоқсан
2022
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет"
  Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Ұрпағыма өсиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.     Әз атамыздың немерелері,  гимназиямыздың дарынды түлектері Дина және Алия Нұршайықовалар кешіміздің құрметті қонақтары болды.    Әзілхан атамыздың өсиет сөздерін жатқа оқып, мәнін ашып, жан құрбысы Мәншүк Мәметова туралы көрініс, "Махаббат қызық мол жылдар" шығарма желісі бойынша қойылым қойылды. Гимназиямыздың шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды.     Оқушылар кеш қонақтарына
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!
13
желтоқсан
2022
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!!!
    Егеменді елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген жасөспірімдердің санасы сергек, көзқарастары да өмір салттарыда еркін. Тәуелсіздік құндылығы жадында сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білулері керек. Бостандық бізге оңай келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай нәубет, зұлмат замандарды бастан кешірді. Осының бәрі халықтың есінде сақталуы үшін ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі тиіс. Осы мақсатта гимназиямыздың 5,6 сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді.
12
желтоқсан
2022
12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына
   12 желтоқсан Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай гимназияның тарих бірлестігі "Алаш арыстарына тағзым" тақырыбында тарихи кеш өткізді. Кешке "Саяси қуғын -сүргін құрбандарына" арналған мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев мұражай қызметкері Керімбекова Ұлбосын қатысып тағылымы мол тарихи кеш өтті.     Гимназия оқушылары Алаш арыстарының оқу- ағарту саласындағы үлкен еңбектері туралы көрініс көрсетіп ән мен күй арналды.    
Тарих пәні апталығының екінші күінде Тортаева Әмина Долдашқызы 10Ә сынып оқушыларымен "Қазақстандық патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі" тақырыбында ашық сабақ өтті
06
желтоқсан
2022
Тарих пәні апталығының екінші күінде Тортаева Әмина Долдашқызы 10Ә
    Тарих апталығының  екінші күнінде Тортаева Амина Долдашқызы 10ә сынып оқушыларымен "Қазақстандық патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында патриотизм ұғымына жан-жақты түсініктеме берілді. "Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын тағылымы" тақырыбында әр топ оқушылары тарихтың әр кезеңінен ата- баба ерлігінің ұрпаққа үлгі екендігін нақты тарихи оқиғалармен сипаттады.Патриоттық құндылықтар ұлттық тарих, ұлттық тіл мәселелеріне жан- жақты талдау жасалынды
Тарих пәні апталығының 2-күнінде, тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай Нұржан 11 сынып арасында интеллектуалды ойын-сайыс өтті
06
желтоқсан
2022
Тарих пәні апталығының 2-күнінде, тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай
   Тарих пәні апталығының 2-күнінде, тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай Нұржан 11-сынып арасында интеллектуалды ойын-сайыс өткізді.     Сайыстың мақсаты: тарих пәніне қызығушылығын арттыру, тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу дағдысына үйрету