8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көркем көктемнің мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көркем көктемнің мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.
07
наурыз
2023

8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көркем көктемнің мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көркем көктемнің мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

Халықаралық әйелдер күніне орай гимназиямыздың жігіттер қауымы аяулы ұстаздарымызға түрлі бағдарламаны қамтитын мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде арнаулы құттықтау сөздері, күй тарту, би және өлең айту да болды.

Ардагер ұстаздарымыз мектеп әкімшілігі атынан гүл шоқтары мен сыйлық,ал қала және аудан әкімшілігі атынан нәзік жанды ұстаздарымыз алғысхатпен марапатталды.

Мерекелік іс-шара барша ұстаздардың көңілінен шығып, керемет сезімдерге бөледі деген сенімдеміз. 

Барлығыңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! 🌷

https://www.instagram.com/reel/Cprl7dmuTcy/?igshid=YmMyMTA2M2Y=​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: