8-10 сынып қыздары арасында "Бұрымды қыз" сайысы болып өтті. » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-10 сынып қыздары арасында "Бұрымды қыз" сайысы болып өтті.
27
ақпан
2023

8-10 сынып қыздары арасында "Бұрымды қыз" сайысы болып өтті.

     Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемде сұлу -ару қыз. Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет-жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Осыған орай  бойжеткен қыздарымыз ды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарын құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу мақсатында гимназиямызда "Бұрымды қыз"  сайысы болып өтті.
    8-10 сынып қыздары арасында өткен сайыста "Бас жүлде"-  Құдайберген Алтынай  10"Б" сынып оқушысы, І орын - Әшім Айзере 8"А" сынып оқушысы, ІІ орын - Беркімбай Іңкәр 10"Ә" сынып оқушысы, ІІІ орын - Дельденкова Ажар 10"А" сынып оқушысы иеленді.
   Әбілдәқызы Ақжан 10"В" , Үдербаева Камилла 10"Г", Мейірбек Амина 8"В", Ораз иман Еркежан 8"Г", Кабдуахит Мариям 8"Б", Әділбай Ақбаян 8 "Д"  сынып оқушылары арнайы номинациялармен марапатталды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: