Педагог-психологтары Наурызбаева А.Д., Өсерханова Т.И. 5-сынып оқушыларынан бейімделу үдерісіне байланысты алынған психодиагностикалық зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелерін таныстыру мақсатында 5-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне семинар ө » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психологтары Наурызбаева А.Д., Өсерханова Т.И. 5-сынып оқушыларынан бейімделу үдерісіне байланысты алынған психодиагностикалық зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелерін таныстыру мақсатында 5-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне семинар ө
19
қазан
2022

Педагог-психологтары Наурызбаева А.Д., Өсерханова Т.И. 5-сынып оқушыларынан бейімделу үдерісіне байланысты алынған психодиагностикалық зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелерін таныстыру мақсатында 5-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне семинар ө

     Адам өмірінің кез-келген өтпелі кезеңі әрқашан қиындықтармен байланысты. Оқушылардың бастауыш мектептен ауысуы-бұл қиын әрі жауапты кезең. Бейімделу кезеңінің қалай өтетіні баланың келешектегі барлық мектептегі өміріне байланысты болады. Біздің қазіргі міндетіміз-қазір балаларымызбен, яғни оқушыларымызбен не болып жатыр, оларды не алаңдатады, не мазалайды және қандай қиындықтармен ұшырасады, сонымен қатар қандай шынайы көмек көрсете алатындығымызды анықтау болып табылады. 
  Осыған орай, гимназиямыздың педагог-психологтары Наурызбаева А.Д., Өсерханова Т.И. 5-сынып оқушыларынан бейімделу үдерісіне байланысты алынған психодиагностикалық зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелерін таныстыру мақсатында 5-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне семинар өткізді. Семинар барысында бастауыш буыннан орта буынға өткен 5-сынып оқушыларымызда бейімделу үдерісі кезінде қандай психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктер, өзгерістер пайда болатыны, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерінен қандай қолдау керек екендігі туралы ақпараттар берілді. 
  Семинар соңында сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерінің ұсыныс-тілектері айтылды, сондай-ақ психологтар тарапынан психологиялық кеңестер айтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: