Жолдаудың негізгі басымдықтарын әріптестеріміздің арасында түсіндіру мақсатында, гимназиямыздың тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай Нұржан » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жолдаудың негізгі басымдықтарын әріптестеріміздің арасында түсіндіру мақсатында, гимназиямыздың тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай Нұржан
02
сәуір
2022

Жолдаудың негізгі басымдықтарын әріптестеріміздің арасында түсіндіру мақсатында, гимназиямыздың тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай Нұржан

    2022 жылғы 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауы жарияланған болатын. 
    Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің таяу жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат.
  Осыны ескере отырып, Жолдаудың негізгі басымдықтарын әріптестеріміздің арасында түсіндіру мақсатында, гимназиямыздың тарих пәнінің мұғалімі Ауылбай Нұржан мекемеде іс-шара ұйымдастырып, ақпаратты толықтай жеткізіп, хабарлады.
   Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамалар еліміздің саяси жүйесін және әкімшілік-аумақтық құрылымын барынша өзгертуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгертулер енгізіледі.
– Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын! – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: