“Ұлтымыздың ұлы тұлғалары” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің 7-КҮНІ. » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Ұлтымыздың ұлы тұлғалары” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің 7-КҮНІ.
22
қараша
2023

“Ұлтымыздың ұлы тұлғалары” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің 7-КҮНІ.

“Ұлтымыздың ұлы тұлғалары” атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің 7-КҮНІ. Өткізіліп жатқан апталық аясында гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шуленова Айшат Дүйсенқызы 9 “г” сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен “М.Өтемісұлы. “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны” толғауы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ батыр ақынның 220 жылдығына арналып,өмір жолынан шағын бейнебаян көрсетілді.Оқушылар М.Өтемісұлының өмірбаяны мен тұлғаның жан-жақты қырына зерттеу жұмысын жүргізіп, презентация арқылы өз  жобаларын қорғады.Мұғалім 1836-1838 жж Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тарихына хронологиялық шолу жасап, толғаудың туындау оқиғасын баяндады.Сонымен қатар балалар М.Өтемісұлының толғауындағы кейіпкерлер жүйесін анықтап,автор стиліне сай шығармашылық тапсырмалар орындады. 9 “Г” сынып оқушысы Шалқар Күлтегін Махамбеттің “Жұмыр қылыш” күйін шертті.Күй ойнау барысында Қазақстанның Тәуелсіздікке дейінгі тарихынан бейне үзінді көрсетілді. Сабақтан алған әсерлерін оқушылар өз ойлары арқылы түйіндеп, қорытындылады. 

https://www.instagram.com/reel/Cz-53hIsIX5/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: