Іс-шаралар » Страница 5 » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
3 қазан күні Наурызбай ауданы "Самай" мектебінде қалалық шахмат олимпиадасы өткізілді. Жарысқа әр ауданнан  бір мектеп құрамасы қатысты. Жарыс өте жоғары дәрежеде өтті.
03
қазан
2023
3 қазан күні Наурызбай ауданы "Самай" мектебінде қалалық шахмат
3 қазан күні Наурызбай ауданы "Самай" мектебінде қалалық шахмат олимпиадасы өткізілді. Жарысқа әр ауданнан  бір мектеп құрамасы қатысты. Жарыс өте жоғары дәрежеде өтті. Біздің 12 мамандандырылған гимназия жүлделі 1-орын иеленіп, 7-қазан Астана қаласында өткізілетін  Республикалық шахмат олимпиадасына жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымыз:  10”ә" сынып оқушысы Заманбек Мерейлім, 10 “б” сынып оқушысы Удербаев Тамирлан, 9 “а” сынып оқушысы Заманбек Айғаным, 7”а ”сынып оқушысы  Заманбек Казбек, 4”б”
Гимназиямызда жолда жүру ережесінің “Абайла, балақай!” айлығы аяқталып келеді. Айлық жоспары бойынша 6-сыныптар арасында жол белгілерінің макетін жасау сайысы болып өтті.
03
қазан
2023
Гимназиямызда жолда жүру ережесінің “Абайла, балақай!” айлығы
   Гимназиямызда жолда жүру ережесінің “Абайла, балақай!” айлығы аяқталып келеді. Айлық жоспары бойынша 6-сыныптар арасында жол белгілерінің макетін жасау сайысы болып өтті. Сайысқа оқушылар жол белгісінің макеттерін жасап, өз жұмыстарын қорғады. Сайыс болғандықтан жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Шалқар" радиосы ұйымдастырған Қазақстанның халық артисі, диктор Әнуарбек Байжанбаев атындағы дикторлар  байқауының жеңімпаздары анықталды.
29
қыркүйек
2023
"Шалқар" радиосы ұйымдастырған Қазақстанның халық артисі, диктор
  "Шалқар" радиосы ұйымдастырған Қазақстанның халық артисі, диктор Әнуарбек Байжанбаев атындағы дикторлар  байқауының жеңімпаздары анықталды. 1 қазан радио күні мен белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың 100 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған байқауда  Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 11 -сынып оқушысы Ерхатқызы Арай жүлдегері атанды. Шәкіртімізге толағай табыс, биік жетістіктер тілейміз! 
№1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гаухар Мұқтаровна жоспарға сәйкес 7-сыныптың қыз балалардың өтпелі кезеңде болатын физиологиялық өзгерістері жайлы дұрыс мәлімет берді.
26
қыркүйек
2023
№1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гаухар Мұқтаровна
№1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гаухар Мұқтаровна жоспарға сәйкес қыз балалардың өтпелі кезеңде болатын физиологиялық өзгерістері жайлы дұрыс мәлімет берді. Кездесуге 7-сыныптың қыздары қатысты.  Кездесу барысында дәрігер қыз балалардың физиологиялық жетілуі, өзгерістері, гигиеналық тазалық ұстауы жайлы дәріс оқыды. Дәріс барысында қыз балалар білмейтін сұрақтарын дәрігерге қойып, нақты жауап алды. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының (бұдан әрі – Жоба) іске асырылатынын хабарлайды.
20
қыркүйек
2023
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Төрт тоқсан- төрт
   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Төрт тоқсан- төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының (бұдан әрі – Жоба) іске асырылатынын хабарлайды.    Жобаның мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.   Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті
Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі.
19
қыркүйек
2023
Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі.
 Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Қазақстанда осы күннен бастап «Еңбек ардагері» медалі, ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» (Герой труда Казахстана) сияқты марапаттар тағайындалды. Мұндай шешім қазақстандық қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыру мақсатында қабылданды. «Еңбек ардагері» медалімен экономиканың әртүрлі салаларының қызметкерлері және жалпы жұмыс өтілі 40 жылдан астам, оның ішінде кемінде 10 жыл бір салада жұмыс
Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» апталығы аясында 5-сынып оқушыларына С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында саяхат сабақ өткізілді.
14
қыркүйек
2023
Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл
    Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» апталығы аясында 5-сынып оқушыларына С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында саяхат сабақ өткізілді. Гимназия шәкірттері іргетасы қаланғанына 72 жыл болған кітапхана тарихымен, ондағы кітап қорымен, қазақ тіліне аударылған шетел әдебиеті туындыларымен танысты. Кітапхана мұражайындағы балалар жазушысының жеке заттарын тамашалап, кітапханада өткізілетін іс-шаралар жайлы толық мағлұмат алды. 
Гимназияда “Бақытты балалық мекені атты” “ Соңғы қоңырау” мерекесі болып өтті.
01
маусым
2023
Гимназияда “Бақытты балалық мекені атты” “ Соңғы қоңырау” мерекесі
  Гимназияда “Бақытты балалық мекені атты” “ Соңғы қоңырау” мерекесі болып өтті. Мерекеге Алматы қаласының әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы қатысып, жас түлектерге ақ жол тілеп, мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьге дайындықты қарап, гимназиядағы мұражайды көріп, гимназияның тарихымен танысты.