Гимназия туралы » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия туралы
12
мамыр
2013

Гимназия туралы

№12 көп салалы гимназия республикадағы алғашқы зиялы қазақ мектебі болып саналады. Ол өзінің бастауын 1921 жылы Абай атындағы жетім балалар үйінен алады. Мектеп әуелі бастауыш, одан кейін екі басқыштық жеті жылдық мектеп болған.
1924 жылы 22 қазанда Жетісу облыстық Халық ағарту Комиссариаты инспекциясының 1923 жылғы 24 наурыздағы №30 бұйрығына сәйкес Алматының тоғыз жылдық Абай атындағы №8 қырғыз (қазақ) мектебі болып құрылды. Тұрақты мекен-жайы болмағандықтан мектеп тоғыз рет орын ауыстырған. 
Мектептің атын оның даңқты түлектері шығарып келеді. Олар: алғашқы КСРО халық артисі Күләш Байсейтова, алғашқы қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев, сазгерлер Нұрғиса Тлендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Әсет Бейсеуов. Мансұр Сағатов, мемлекет қайраткерлері Асқар Құлыбаев, Еркешбай Дербисов, академиктер Орынбек Жаутіков, Болат Жұбанов, Шора Сарыбаев т.б. Мектептің бітірушілері арасынан 20-дан астам академик, 300-ге тарта ғылым докторлары шықты.
1971-1985 жылдарда мектепті Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Бекенқызы Нұртазина басқарды.
1972 жылдан бастап тұңғыш рет республика мектептерінің ішінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыта бастады.
1994 жылы 70 жылдық мерейтойында мектепке қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың аты берілді. 
1996 жылы мектепке «ағылшын тілін оқытуға мамандандырылған арнайы орта мектеп» куәлігі берілді. 
2004 жылы Алматы қаласы әкімі мен Қалалық оқу бөлімінің арнайы шешімімен мектеп көп салалы гимназия статусын алды. Осы жылы гимназияның 80 жылдық мерейтойы болды
2006-2007 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптар екі бағытта оқиды. Олар: жаратылыстану бағытында - химия, биология, география, математика бағдары, ал гуманитарлық бағытта лингвистикалық бағдар (ағылшын және қазақ тілі).
Білім беру сапасын көтеруде мектептің жабдықталуы
2008-2009 оқу жылында 10 мультимедиялық кабинет, 11 интерактивті тақта, 11 ноутбук компьютермен және сымсыз жалғанған желімен 16 ноутбук компьютері жұмыс істейді. 30 пән кабинеттері бір компьютер комплектісімен жабдықталды. Екі лингофон кабинеті балаларға ағылшын тілінен сапалы білім беруге көмектеседі.
Изображение:рис5.jpg Изображение:рис6.jpg Изображение:рис7.jpg

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

12 мамыр 2013 Мекен жайымыз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 63 Вперед