"Педагог мәртебесі туралы" заң талқыланды » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Педагог мәртебесі туралы" заң талқыланды
14
қаңтар
2020

"Педагог мәртебесі туралы" заң талқыланды

Гимназия ұстаздарымен 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойып қабылдаған "Педагог мәртебесі туралы" заңы талқыланды . Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеген болатын. Жалпы заң 21 баптан тұрады.
Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;
Төртінші, материалдық ынталандыру.

Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады.
2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі.
Заң аясында қосымша ақы төленеді:

1. Тәлімгерлік үшін - 1 базалық лауазымдық жалақы, яғни 17 мың теңге төленеді.

2. Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі.

3. Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді.
4. Магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек.
5. Сонымен қатар, педагогтер сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады.
6. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты үшін жалақы арттырылады.

7. "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
Ең алдымен Заңда педагогтердің еңбек демалысын кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген.
Бұдан басқа, ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбасылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: