KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ! » Гимназия №12
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ!
09
желтоқсан
2019

KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ!

Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ №12 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ ШӘКІРТТЕРІНІҢ KAZAKH UNION ACTION TEAM КАСКАДЕРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ!
#ҚҰРМЕТТІ #ҚОНАҚТАР
1.Kazakh Union Action Team каскадерлар клубының басшысы, Бауыржан Абишев мырза.
2.Kazakh Union Action Team каскадерлар клубы басшысының кеңесші, ассистенті Серікқазы Тілебалды мырза.
3. Kazakh Union Action Team клубының каскадерлары Жандос Исаев және Алмат Тұрлыбаев мырза.

#Кездесудің негізгі мақсаты қоғамдағы ер азаматтардың белсенділігі, отбасындағы әкелердің рөлі және жасөспірімдердің мінез-құлқының дұрыс қалыптасуы сынды маңызды мәселелерге арналды.

#Гимназиямыздағы #ЕР мұғалімдердің мәртебесін арттырып, олардың гимназия оқушыларымен оның ішінде ер балалармен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауы және тәрбие жұмыстарын өткізіп отыруы;
#Гимназиямыздағы #ЕР балалардың жағымсыз іс әрекеттерден, түрлі бұзақылықтан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануы;
#Гимназиядағы ӘКЕЛЕРДІҢ бала өміріне үнемі жауапкершілікпен қарап, олардың не нәрсеге қызығатыны мен түрлі қабілеттерін анықтап, соған қарай дұрыс бағыт бағдар беруі;
#Қоғамдағы, жалпы еліміздегі ЕР азаматтардың мәртебесін арттырып, олардың Отан алдындағы жауапкершіліктерін сезінуіне қолдау көрсету;
Осы сынды негізгі мақсаттарды басшылыққа ала отырып гимназиямыздың жанынан «ЕР-бол» ер жігіттер клубы құрылған болатын. Кездесуге келген құрметті қонақтарымызды және әкелерімізді аталған клубқа қабылдап арнайы төсбелгі табысталды.
#Алдағы уақытта #ЕР бол клубы қарқынды жұмыс жүргізіп, маңызды мәселелердің шешімін табатын ұйымға айналады деген сенім білдіреміз!



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: